Пікір
1 мин оқу 40

Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент&shy;тік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталғанын еске салды.</p>

Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей

Мемлекеттік құрылысы­мыздың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласы өзгеріссіз қалады. Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болады. Сондай-ақ шамамен 10 Конституциялық заңға және 50 кодекс пен заңға өзгерістер енгізу талап етіледі.

Жұмыс тобының міндеті – парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізі­летін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей.

Ерлан ҚАРИН,

Мемлекеттік кеңесші

Бөлісу:
Жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар