Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 50
Ақылды тотықұс
<p style="text-align: justify;">Африкалық тотықұс Алекс 31 жыл өмір сүріп, ерекше қабілетімен есте қалды. Зерттеушілердің айтуынша, ол 100-ден астам сөзді үйреніп қана қоймай, түстерді, пішіндерді, сандарды ажыратып, кеңістік ұғымдарын меңгерген.</p>

Әдетте тотықұстар адамның сөзін қайталайды деп ойлаймыз. Ал Алекс сөзді қайталау былай тұрсын, ғалымдардың сұрағына жауап беріп, тіпті өзі де сұрақ қойған. Бірде ол зерттеушісінен: «Осы менің түсім қандай?», деп сұрапты. Ғалым оған: «Сен – сұр түсті тотықұссың» деп жауап берген екен. Қызығы, Алекс бұл жауапты есте сақтап қалған және кейін де сөз арасында қолданған. Сөйтіп, осы оқиға ғылым әлемінде үлкен пікірталас тудырды.
Бөлісу: