Қоғам
1 мин оқу 60

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласында Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн мәжіліс өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Мұсаханның төрағалығымен өткен жиынға қаланың барлық жеке және мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінші басшылары қатысты.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының – Полиция департаментінің (ПД), Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің (ҰҚКД) өкілдері қатысты.

Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Кеңесте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Олар:
• мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
• антитеррорлық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету және күзет қызметтерімен өзара іс-қимыл;
• терроризм қатері туындаған жағдайдағы бастапқы іс-қимылдар бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу;
• терроризмге қарсы қорғаныс паспорттары мен нұсқаулықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселелері;
• 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрықтың 6-тарауының талаптарына сәйкес дыбыстық хабарлау және дауыс хабарламаларын тарату жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету мәселелері.

Сондай-ақ қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.

Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында басқарма осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.

Бөлісу: