Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 50
Мықтылар ғана қалады
<p style="text-align: justify;">Құрлық пен судағы ең үздік фото­суреттерді анықтайтын «Жыл­дың үздік тұмса табиғат фото­суретшісі» байқауының биылғы жеңімпаздары белгілі болды.</p>

Сүтқоректілердің мінез-құлқын бейнелеу санатында америкалық фотограф Деннис Стогсдилл топ жарды. Ол Танзаниядағы Серенгети ұлттық паркінде жабайы мысық тұқымдасына жататын қарақалдың кішкентай қоқиқазды ұстаған сәтін таспалап үлгерген. Жалпы, қарақалдар – жәндіктерден бастап бөкендерге дейінгі әртүрлі жануарды аулайтын епті жыртқыш. Бірақ олардың қоқиқазды аулауы өте сирек кездеседі, сондықтан бұл кадр қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бөлісу: