Қоғам
1 мин оқу 510

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі облыс тұтынушылары үшін тауарлық газдың жаңа бағасы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің 2025 жылғы 1 қазандағы №27-03-09/775 хатына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген тауарлық газдың босату бағалары қосылған құн салығынсыз (газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау тарифін ескере отырып) келесідей болып бекітілді:

1. Халық үшін – 20 128,66 теңге (1000 м³ үшін);

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын халық – 15 905,36 теңге;

3. Өзге заңды тұлғалар үшін – 29 731,67 теңге.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша енгізілген мораторийге байланысты, жоғарыда көрсетілген босату бағалары өзгеріссіз қалады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, өңірде бұған дейін жеке тұтынушылар үшін тауарлы газды босату бағасы 1 мың текшеметр үшін – 23 914,59 теңге болатын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап халық үшін тауарлық газдың босату бағасы қосылған құн салығынсыз 20 128,66 теңге көлемінде бекітілді.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Батыс Қазақстанда газ бағасы арзандады · Egemen Qazaqstan