Түрік әлемі танитын болады
<p style="text-align: justify;">Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулат­ұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.</p>

Кітаптың тұсаукесері Ыстанбұл қаласында ерекше ілтипатпен өтті. Абай атындағы мектепте, университетте, Қазақ қоры қоғамында, орталық кітапханада, республикалық музейде таныстырылды.
Абай мектебіндегі іс-шараға Ыстанбұлдағы Бас консулымыз Нұриддин Аманқұл қатысып, Алаш арысының түркі дүниесіне қатысты терең ойларын кеңінен тарқатты. Сондай-ақ ол жазушының Абай туралы еңбектерінен тағылымды үзінділер оқыды.
Іс-шара барысында оқушылар Абай мен Міржақып шығармашылығына арналған сұрақ-жауапқа белсене қатысып, білім мен ізденіс деңгейін танытты. Еске сала кетейік, кітаптың түрік тілінде жарық көруіне демеушілік көрсеткен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.
