Спорт
1 мин оқу 140

Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды

<p style="text-align: justify;">XXV қысқы Олимпиада 2026 жылы ақпан айының 6-22 күндері аралығында Италияның Милан мен Кортина-д&rsquo;Ампеццода және&nbsp;басқа да қалаларында өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды

195 медаль жиынтығы сарапқа салынатын Олимпиадаға кем дегенде 3500 спортшы қатысады. Ойындарға ски-альпинизм (алғаш рет енгізіліп отыр), биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру спорты, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, фристайл, трамплиннен секіру, шана спорты, скелетон, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шорт-трек, яғни 16 спорт түрі кіреді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ресми шақырту алған.

Жалпы Қазақстан спортшылары қысқы Олимпиада ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері 8 медаль жеңіп алған: бір алтын, үш күміс, төрт қола.

Бөлісу:
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды · Egemen Qazaqstan