Аймақтар
2 мин оқу 20

Су мәселесін шешу жолын ұсынды

<p style="text-align: justify;">Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы Ғұбайдолла Айдаров атын&shy;дағы №1 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ержан Тілеген ерекше ғылыми жобасымен көзге түсті. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері негізінде су тап&shy;шылығын шешудің жаңа тәсілін зерттеп, республикалық ғылыми жобалар бай&shy;қауында бірінші орын алды.</p>

Су мәселесін шешу жолын ұсынды

Оқушының бұл жобаға ке­луіне ұлт зиялысының көп­ші­лікке бей­мәлім қыр­лары себеп болған.

«Мәшһүр Жүсіпті біз көбі­не этнограф, тарихшы ретінде танимыз. Ал мен еңбектерін химия, география, биология тұрғысынан қарастырдым. Ол еңбектерінің бірінде судың табиғи айналымы мен будан су алудың жолдарын жазған. Мен осы идеяны заманауи технологиямен ұштасты­рып, тәжірибе жүзінде дәлелдедім. Тұманнан таза су алуға болатынын көрсеттім», дейді жас зерттеуші.

Мектеп оқушысы теңіз жа­ғалауында орналасқан Маң­ғыстау өңірінде тұман жиі түсетінін, ал оның құрамын­дағы ылғалдылық 90 пайызға дейін жететінін атап өтті. Осы табиғи ерекшелікті тиімді пай­далану арқылы ауадан таза су алу әдісін ұсынған. «Мен бұл жобаны жергілікті әкім­дікке ұсынғым келеді. Өңір­де су тапшылығы өзек­ті. Егер тұманнан су жинау жүйе­сін орнатсақ, бұл ауыл шаруа­шы­лығы мен тұрмыстық қажет­тіліктерге пайдалы болар еді», дейді Ержан.

Жас ғалымның ғылыми же­­­тек­­шісі, қазақ тілі мен әде­биеті пә­ні­­­нің мұғалімі Ақжүніс Амалова оқу­шы­сының еңбегін ерекше атап өтті.

«Мәшһүр Жүсіп судың қасиет­тері мен табиғи айналы­мын ғылыми тұрғыдан сипат­та­ған. Біз Ержанмен бірге осы ойды тәжірибе арқы­лы дәлел­деуді мақсат еттік. Үйі­нің маңына тор орнатып, түн­гі тұман кезінде су там­шы­ларының жиналаты­нын көрсеттік. Кейін респуб­ликалық ке­зеңде ауа ылғалдан­дырғыш арқылы бұл үдерісті тәжірибе жүзінде дә­лел­­­деп бердік», дейді Ақжүніс Оспан­қызы.

Жоба бүгінде Маңғыс­таудың табиғи жағдайына бейімделген эко­логиялық бастама ретінде қарас­ты­рылып отыр. Мұндай зерттеу жұмыс­тары тек ғы­лыми тұрғыда ғана емес, аймақтағы су тапшылығын шешуге үлес қосатын нақты қадам болмақ.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Су мәселесін шешу жолын ұсынды · Egemen Qazaqstan