Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін тарихи кездесу өткізеді. 6 желтоқсан күні ол кубалық кәсіби былғары қолғап шебері Эрсленди Лараға қарсы рингке көтеріледі, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) сайты ресми түрде хабарлады. Жаңалықты Жәнібек Әлімханұлының өзі де парақшасында жариялады.
PBC Жәнібек Әлімханұлы мен Эрсленди Лара айқасын бокс кешенің маңызды жекпе-жегіне балап отыр.
Сондай-ақ, бокс кешінде О'Шаки Фостер Стивена Фултонға қарсы қолғап түйістіреді. Ал Иисус Рамос Шейна Мослимен орта салмақтағы WBC-дің аралық белбеуін иемденуге ұмтылып көреді.
Жекпе-жектер АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күнгі жекпе-жегін меңзеп, дайындыққа қарқынды кіріскенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі кездесуін Астанада ұйымдастырып, Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені 5 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген еді.
