Президент
1 мин оқу 100
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.

Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.

Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.
Бөлісу:
