Жылтырақ эффектісі

<p style="text-align: justify;">Халықаралық деңгейде 32 мың адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу нәтижесі адамдардың жылтыр тауарларға 72% қымбат төлеуге дайын екенін көрсетті.</p>

Жылтырақ эффектісі

Ғалымдардың түсіндіруінше, ми визуалды ақпаратты өңдеу барысында жылтыр заттарды «жаңа», «таза» әрі «сапалы» деп қабылдайды. Сол себепті тұтынушылар мұндай тауарларға саналы түрде емес, автоматты түрде қы­зығады. Сарапшылардың пікірінше, бұл тұжырымдар өндірушілер мен маркетологтер үшін маңызды. Өйткені осы құбылыс бренд имиджін күшейтіп, тұты­нушы қызығушылығын арттыруға едәуір көмектеседі.

Бөлісу:
Жылтырақ эффектісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар