Энергетика
1 мин оқу 60
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
<p style="text-align: justify;"><strong>Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бұл шара энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыруға және энергия өндіруші кәсіпорындардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұйрыққа сәйкес, тарифтер келесі мөлшерде бекітілді:
- 2026 жыл – 1170 мың теңге/МВт;
- 2027 жыл – 1355 мың теңге/МВт;
- 2028 жыл – 1435 мың теңге/МВт;
- 2029 жыл – 1510 мың теңге/МВт;
- 2030 жыл – 1585 мың теңге/МВт;
- 2031 жыл – 1665 мың теңге/МВт;
- 2032 жыл – 1745 мың теңге/МВт.
Бөлісу:
