Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Су үстіне салынған үйлер
<p style="text-align: justify;">Канаданың батыс жағалауында таңғаларлық өмір салты қалып­тас­қан. Мұнда адамдар үйлерін жерге емес, су бетіне – арнайы қал­­қы­малы платформаларға тұрғызады.</p>

Сырт көзге ертегідей көрінетін баспаналарда өмір сүру – көптеген канадалықтың саналы таңдауы. Мұндай үйлерде қозғалтқыш болмайды. Егер қоныс аудару қажет болса, тұрғындар платформаны қайықпен сүйретіп, жаңа мекенге апарады. Ал қолайсыз ауа райы кезінде үйлерін жайлы қойнауларға көшіріп алады. Канададағы су үстіндегі үйлер бүгінде еркін өмірдің рәмізі ретінде саналады.
Бөлісу: