Құқық
1 мин оқу 10

Тегін құқықтық көмек алды

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының орта&shy;лығы Жезқазған қаласында &laquo;Халықтық заңгер&raquo; атты республикалық акция өтті. Бұл бастаманың мақсаты &ndash; заң үстемдігін нығайту, аза&shy;мат&shy;тардың құқықтық сауатын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолже&shy;тімділігін қамтамасыз ету.</p>

Тегін құқықтық көмек алды

Акция аясында әрбір азамат тегін құқықтық кеңес алып, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме және құқықтарын қорғау жөнінде нақты көмек ала алады. Іс-шараға прокуратура органдары, әділет және полиция қызметкерлері, әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақ­тау саласының өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

Іс-шарада әлеуметтік қолдау және әлеу­меттік төлемдер, отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің құқық­тарын қорғау, еңбек және жер қаты­нас­тары, алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды қорғау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Келіп түскен әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті органдарға жолданып, прокурорлық бақылауға алынады.

«Басты міндетіміз – әрбір тұрғынға көмек көрсету, сұрағына жауап беріп, заңды құқықтарын қорғауға қолдау көрсе­ту. Біз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, аза­маттардың құқықтары мен заңды мүд­де­лерін қорғауға және қоғамдағы тұ­рақ­тылықты сақтауға бағытталған жұмы­сымызды табанды түрде жүргізе береміз», дейді заң өкілдері.

Ұлытау облысының прокуратурасы халықпен ашық диалогті жалғастыра береді. Акция аясында жүздеген адам тегін құқықтық көмек алды.

Ұлытау облысы

Бөлісу:
Тегін құқықтық көмек алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар