Оқиға
1 мин оқу 60
Қызылордада көкпар кезінде көлік жылқыларды қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен көкпар ойыны кезінде көлік жылқыларды қағып кеткен сәт әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Алғабас ауылында болған. Көкпарды ауыл тұрғыны ұйымдастырған.
«Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданының Алғабас ауылында кент тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған. Ойын барысында 102 арнасына ешқандай хабарлама түспеген. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.
Бөлісу:
