Елорда
1 мин оқу 60

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

<p style="text-align: justify;"><strong>Елордада 7 қараша күні сағат 13:30-да &laquo;Esil University&raquo; ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкені Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы және «Esil University» бірлесіп өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілер мен кандидаттардың тікелей байланысын орнату.

Жәрмеңке барысында компаниялар өз қызметін таныстырып, бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ олар ең лайықты үміткерлердің жеке базасын қалыптастырады. Өз кезегінде жұмыс іздеушілерге HR-менеджерлермен сұхбаттасуға және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріледі.

Бөлісу:
Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді · Egemen Qazaqstan