Қоғам
1 мин оқу 80

Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті

<p style="text-align: justify;"><strong>&laquo;Атырау-Орал&raquo; тас жолынның 27-шақырымында КамАЗ бен LADA Granta көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жасөспірім мерт болды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты 2 қарашада кешкі сағат 19:00 шамасында болған.

«Екі көлік соқтығысты. Жол апатынан алған жарақаттардың салдарынан екі жасөспірім қаза тапты. Тағы 3 жолаушы мен жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары басталды.

Бөлісу:
Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті · Egemen Qazaqstan