Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 30
Майя күнтізбесіндегі ғажайып
<p style="text-align: justify;">Зерттеушілер ежелгі Майя өрке­ниетінің күнтізбесінде Ай фазалары мен күн тұтылуын дәл есептеудің бірегей жүйесін анықтады.</p>

Майя халқы 260 күндік ритуалдық күнтізбені пайдаланған. Ол тек діни және салттық даталарды белгілеу үшін емес, астрономияны бақылауды жүйелеу құралы ретінде де қолданылған. Зерттеу негізіне алынған Дрезден кодексі – Майя өркениетінің сақталған сирек қолжазбаларының бірі. Онда 405 жаңа Ай кезеңі жазылған кесте бар. Ғалымдардың айтуынша, бұл кесте толық Айды анықтауға, Күн тұтылуын алдын ала болжауға мүмкіндік берген.
Бөлісу: