Ұшқышсыз тікұшақ

<p style="text-align: justify;">Қытайдың &laquo;United Aircraft&raquo; компаниясы &laquo;Boying T1400&raquo; атты жаңа ұшқышсыз тікұшақты сынақтан өткізді. Құрылғы бір ұшқанда сегіз сағатқа дейін әуеде тоқтаусыз қалық&shy;тай алады және 6,5 шақырым биік&shy;тікте тұрақты ұшу қабілетіне ие.</p>

Ұшқышсыз тікұшақ

«Boying T1400» екі қозғалтқышпен жабдықталған, интеллектуалды бас­қару жүйесімен басқарылады. Инженер­лердің айтуынша, мұндай дрондар ауыл шаруашылығында, логистикалық тасымалдауда, табиғи өрт ошақтарын әуеден бақылауда тиімді. Мамандар тікұшақтың ұзақ ұшу мүмкіндігі жедел қызметтер мен экологиялық мониторинг жүйелерінде серпіліс әкеледі деп болжап отыр.

Бөлісу:
Ұшқышсыз тікұшақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар