Спорт
1 мин оқу 250

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

<p style="text-align: justify;"><strong>Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Плей-оффтың 1/8 сайысында Алматының «Қайраты» Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубына қарсы ойнаса, «Семей» польшалық «Пяст Гливицемен» күш сынасады.

Алғашқы матчтар 24 қарашада өтсе, қарымта кездесулер 5 желтоқсанда ұйымдастырылады. Осы межеден сүрінбей өткен 8 команда келесі жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызында өтетін ширек финалда өзара шеберлік байқасады.

Жартылай финал мен финалдық ойындарды 8 бен 10 мамырда тамашалаймыз. Шешуші матчтар Италияның Пезаро қаласында өтеді.

Бөлісу:
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды · Egemen Qazaqstan