Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 280

Тәтті тасқын

<p>1919 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Бостон қаласында тарихтағы ең ерекше апат болған. Көшелерді су емес, тәтті шәрбат басып кетеді.</p>

Тәтті тасқын

Қаладағы «Purity Distilling Company» компаниясына тиесілі 8,7 миллион литр шәрбат сақталған биіктігі 15 метрлік болат резервуар қысқы тоң жібігенде, қысымы көтеріліп, болат қабырғалары шыдамай, жарылып кетеді. Әп сәтте қаланың орталығына қарай 4 метрге дейін толқынмен тәтті тасқын басталады. Жылдамдығы сағатына 55 шақырымға дейін жеткен. Үйлер қирап, вагондар мен арбалар аударылады. Оқиға салдарынан 21 адам қаза тауып, жүзден астам адам жарақат алады.

Бөлісу:
Тәтті тасқын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар