Жаңалықтар
1 мин оқу 260

Әзербайжанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекет реттейді

Apteka_180608АСТАНА. 21 наурыз. Әзербайжан президент Ильхам Алиев дәрі-дәрмек туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды өз жарлығымен бекітті. Бұл туралы haqqin.az хабарлады. Хабарламада айтылғандай, 2007 жылдың 6 ақпанында қабылданған аталмыш заңға енгізілген жаңа баптар бойынша елде сатылатын дәрілердің бағасын мемлекет белгілеп беріп отырады. Бұл мақсатта арнайы құрылған кеңес 3 ай ішінде тиісті шараларды жүзеге асыруы қажет. Әзербайжанның Экономика және өндіріс министрлігі жанындағы антимонополия саясаты мен тұтынушылардық құқығын қорғау жөніндегі мекеменің басшысы Захид Исаевтың сөзіне қарағанда, белгіленген баға дәрі-дәрмектер қорабының сыртында көрсетіліп тұруы тиіс. Жолдыбай Базар. Дерек: haqqin.az. Сурет: Trend.
Бөлісу:
Әзербайжанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекет реттейді · Egemen Qazaqstan