Түнде жарқырайтын саңырауқұлақ

<p style="text-align: justify;">Табиғатта өз жарығын өзi шығара&shy;тын саңырауқұлақтар бар. Олар түнде жасыл не сары түсте әлсіз жарық шығарады. Бұл құбылыс ежел&shy;ден адамды таңғалдырып келеді.</p>

Түнде жарқырайтын саңырауқұлақ

Ғалымдардың айтуынша, бұл – люминесценция. Саңырауқұлақ ішіндегі арнайы фермент жарық шығаратын реакция тудырады. Мұндай жарқыраудың бірнеше міндеті бар: жәндіктерді тарту, спора тарату, сондай-ақ саңырауқұлақты зиянкестерден қорғау. Түнгі ормандағы әлсіз сәуле кездейсоқ емес – тіршілік үшін жасалған ерекше бейімделу құбылысы. Зерттеушілер бұл табиғи жарық көзін экология, медицина, биоинженерия салаларында қолданудың жаңа тәсілдерін қарастыруда. Тірі ағзаның өз жарығын шығара алуы – табиғаттың таңғаларлық өнертабыстарының бірі.

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу: