Мұздың көгілдір түсінің сыры

<p style="text-align: justify;">Қалың мұздықтардың көгілдір түске боялатынын байқаған боларсыз. Бұл түс бояудан емес, жарықтың мұзда ерекше сынуынан пайда болады.</p>

Мұздың көгілдір түсінің сыры

Мұз құрылымы өте тығыз болғандықтан, ол күн сәулесінің қызыл спектрін сіңіріп, тек көгілдір бөлігін ғана өткізіп жібере­тіні анықталған. Сондықтан мұздың ішкі қабаттары неғұрлым қалың болса, түсі соғұрлым қою көк болып көрінеді. Антарктида мұздары осы құбылыстың ең айқын мысалы. Ғалымдар мұздың түсін зерттей отырып, оның жасын, құра­мын және климаттың өзгеруін анықтайды. Көгілдір мұз – жер тарихының үнсіз куә­гері, мыңдаған жыл бойғы климат жаз­басы. Табиғаттағы түстің өзі ақпарат тасушы­ға айналатыны таңғаларлық.

Рамазан ОРЫНБАСАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Бөлісу: