Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 1,180
«Starlink» пайдаланушылары көбейді
<p style="text-align: justify;">«SpaceX» компаниясының «Starlink» жобасы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өсіп келеді. Спут­никтік интернеттің белсенді пайдаланушыларының саны 8 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш небәрі жарты жыл бұрын 6 миллион болған.</p>

Инвестор Сойер Мерриттің деректеріне сүйенсек, тамыз айынан бері «Starlink»-ке күніне орта есеппен 14 250 жаңа қолданушы қосылып отырған. Бұл – екі ай бұрынғыдан шамамен 17% жоғары өсім. Бүгінде «Starlink» қызметі 150-ден астам ел мен аймақта қолжетімді. Соның ішінде, елімізде де бар. Компания жаңа спутниктерді ұшыру арқылы желі жылдамдығын арттырып, қамту аясын кеңейтуді жалғастырып отыр.
Бөлісу: