Туризм
1 мин оқу 40

Түркістанға Өзбекстаннан келетін туристер саны артты

<p style="text-align: justify;"><strong>2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 830 мың турист келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Түркістанға Өзбекстаннан келетін туристер саны артты

Оның ішінде Өзбекстаннан келетін туристер саны да айтарлықтай артқан. Егер 2024 жылы 12,5 мың өзбекстандық азамат келсе, биылғы 9 айда олардың саны 26 мыңнан асты.

Өңірдің басты нысандарының бірі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Сонымен қатар облыс аумағында 1 780-нен астам тарих және мәдениет ескерткіші, 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан. Түркістан қаласында жылына 3 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Облыс әкімдігі Түркістан мен Өзбекстанның қалалары арасында жаңа тікелей әуе рейстерін ашуды қолдауға дайын. Соның ішінде Түркістан – Үргеніш – Түркістан бағытын іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ автокөлік және теміржол қатынасын жақсартуды, туристік бағыттарды дамытуды және туристердің шекарадан ыңғайлы өтуі үшін «жасыл дәліздер» ұйымдастыруды қамтитын бірлескен көлік-логистикалық жобаларды дамытуға да мүдделі.

ТҮРКІСТАН

Бөлісу: