Экономика
2 мин оқу 20

Терминал қуаты арта түсті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ақтау теңіз солтүстік терминалы&raquo; &ndash; &laquo;Ақтау теңіз порты&raquo; арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан жүктерді тасымалдау, астықты ауыстырып тиеу, теңіз кемелерін қабылдау мен жөнелту, сондай-ақ кешенді логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын нысан. Аталған терминал еліміз Каспий, Қара және Жерорта теңіздерімен, Балтық, Парсы шығанағы елдерімен тікелей байланыс орнататын халықаралық Трасека, &laquo;Солтүстік &ndash; Оңтүстік&raquo; көлік дәліздерінің маңызды бөлігі саналатындықтан геосаяси тұрғыда айрықша мәнге ие.</p>

Терминал қуаты арта түсті

Қазір Ақтау теңіз солтүстік терминалынан жүктер Иран, Ресей, Әзербайжан бағыттарына жөнелтіледі. Алдағы уақытта компания өндірістік тиімділікті арттырып, жаңа серіктестер тартып, жүк ағындарын әртарап­тандыруды көздеп отыр. Орта­мерзімді кезеңде Қытай, Ресей, Парсы шығанағы елдерінен келетін транзиттік жүктердің үлесі артады деген жоспар бар.

Жүйелі жұмыстар нәтиже­сінде биылғы он айдың қорытын­дысында терминалдағы жүк айналымы арта түскен. Дерек­тер жалпы 697 мың тонна жүк өңделіп, өткен жылмен салыстырғанда 187%-ға артық нәтижеге қол жеткенін, ал экспорт көлемі 537 мың тоннаға жетіп, 304% өсімге ие болса, импорт 160 мың тоннаға дейін ұлғайғандығын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ негізгі жүк түрлері бойынша да тұрақты өсім бар, астық өнімдері 279%-ға артып, 408 мың тоннаға жетсе, өзге жүктер 127%-ға көбейіп, 289 мың тоннаны құрады. Контейнерлік тасымалдар көлемі де екі есе артқан.      Инжиниринг және қауіп­сіздік жөніндегі директор Ер­мек Молдабековтің айтуынша, компания құрылымында үш теңіз айлағы бар, соның екеуі құрғақ жүкке, бірі астық тиеуге арналған.

– 2018 жылы пайдалануға берілген нысан заманауи техникамен жабдықталған. Терми­налдың жалпы аумағы 39 гектарды қамтиды, жылдық жобалық қуаттылығы – 3 миллион тонна. Оның ішінде 2 миллион тоннасы жалпы жүктерге, 1 миллион тоннасы астық өнімдеріне тиесілі. Астық терминалы бір мезетте 60 мың тоннаға дейін астық сақтауға мүмкіндік береді,  – дейді ол.

Терминалдағы тіршілік тынысы мен еңбек ырғағының қуаты – өңірдің экономикалық әлеуетінің бір көрсеткіші. Аталған нысандағы ілгерілеуге қарап, аймақтың күш-қуаты мен атқарылған жұмыстар әлеуетін аңғаруға болады.

Маңғыстау облысы 

Бөлісу:
Терминал қуаты арта түсті · Egemen Qazaqstan