Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 40
Марстан табылған үңгір
<p style="text-align: justify;">Марста алғаш рет табиғи жерас­ты үңгірлері табылды.</p>

Ғалымдардың айтуынша, егер Марста өмір болған болса, оның ізі дәл осы үңгірлерде сақталуы мүмкін. Себебі үңгірдің ішінде шаңды дауыл да, қатты суық та, радиация да азырақ болады. Яғни үңгір – өмірге ең қолайлырақ орта. Қытай ғалымдары осындай жаңа типтегі сегіз үңгірді анықтаған. Егер олар карст үңгірлері екені расталса, зерттеушілер Марстағы өмір белгілерін іздеуді дәл осы маңнан бастамақ.
Бөлісу: