Әлем
1 мин оқу 230

Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

<p style="text-align: justify;"><strong>Дубай қаласында орналасқан әлемдегі ең биік қонақүй &ndash; Ciel Dubai Marina алғашқы қонақтарын қарсы алды. Ғимарат биіктігімен және керемет инфрақұрылымымен туристерді тәнті етпек, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды

Биіктігі 377 метр болатын Ciel Dubai Marina қонақ үйінде 82 қабат және 1 004 бөлме қарастырылған. Қонақ үйде азиялық, жерорта теңізі және үй тағамдарын қоса алғанда, бірнеше мейрамхана бар.

Сонымен қатар қонақ үйде әлемдегі ең биік панорамалық бассейн – Tattu Sky спа-орталығы бар. Ғимараттың 76-қабатында орналасқан бассейн қаладан 310 метр биіктікте көз тартады. Сондай-ақ 61-қабатта спа-орталық және тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу залы бар. Қонақтарға Soluna Beach Club жағажай клубына тегін трансфер ұсынылады, ол жасанды Пальма-Джумейра аралында орналасқан. Жобаның құны – 544 миллион доллар.

The National мәліметінше, Дубайда әлемдегі ең биік қонақ үйлердің сегізі орналасқан. Солардың ішінде әйгілі «Burj Al Arab» қонақ үйі де бар, оның биіктігі  321 метрді құрайды.

Бөлісу:
Әлемдегі ең биік қонақ үй Дубайда ашылды · Egemen Qazaqstan