Фотогалерея
1 мин оқу 160

Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды

<p style="text-align: justify;"><strong>Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы жеке концерттерімен қатар, 12-17 қараша аралығында &laquo;JULDYZ&raquo; көрмесі өтті. Экспозицияда суретші Punktgel&auml;ut әншінің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындыларын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды

Берлиндегі Erster Erster галереясы осы аптада өнер сүйер қауым мен қала қонақтарын ерекше атмосфераға бөледі. Max-Schmeling-Halle аренасына жақын орналасқан галереяда ашылған көрмеде майлы бояумен  және қарындашпен салынған жұмыстар көрермен назарына ұсынылған.

1

Суретші Punktgeläut туындыларында Димаштың сахнадағы жарқын сәттері мен шығармашылық белестері көрініс табады.

8 

Көрмеде Димаштың өзінен бөлек, оның ата-анасы, Раушан Құдайберген мен Расул Усмановтың да  портреттері қойылған.

2

3

Автордың айтуынша, Димаштың дауыс мүмкіндігі мен өнердегі орны – жанр атаулыдан биік.

4

«Берлиндегі алғашқы концертіне орай әзірленген бұл топтама – музыкалық феноменнің әлемдік ықпалын көрсететін шағын сый. Димаш тек гастрольдік сапарларымен ғана емес, қоғам мен мәдениетке қатысты маңызды мәселелерге үн қосатын ерекше тұлға. Ол – бейбітшілікті қолдаушы, білімге жанашыр, жас өнерпаздарға жол ашатын жарқын тұлға», дейді суретші.

5

6
Айта кетейік, сатылымынан түсетін қаражаттың жартысы Қазақстандағы білім мен экология бағытындағы жобаларды жүзеге асыратын «Сәби» қорының игілігіне аударылады.

Бөлісу:
Берлинде Димаш Құдайбергенге арналған «JULDYZ» көрмесі ашылды · Egemen Qazaqstan