Пікір
1 мин оқу 30

Сауданы дамытуға оң серпін береді

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде қазақ пен өзбек бауырлас халықтар, ежелден еншісі бір тату көршілер екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-өзбек шекарасында ашылатын Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы өзара сауданы дамытуға соны серпін беретініне тоқталды.</p>

Сауданы дамытуға оң серпін береді

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын (ХӨКО) құру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша Түркістан облысы­ның әкімдігімен ауқымды жұмыс­тар жүргізіліп келеді. Орталықта 7 әлеуетті инвестор өз жобасын жүзеге асыруға қызығушы­лық танытып отыр. Нәтижесінде, 123 млрд теңге инвестиция тартылып, 3 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Бюджетке қосымша 355 млн теңге салық түседі. Орталықты инвестициялық жобалармен толтыру мақсатында әкімдік 8 да­йын өндіріс ғимаратын салу жұ­мы­сын жүргізуде. Қазір­гі таңда 5 ғимараттың құры­лыс жұмысы толығымен аяқталып, 3 ғимараттың сэндвич-панель­дер­ді монтаждау жұмыстарын қара­ша айының соңында толық аяқтау көзделген.

Сондай-ақ көрші елмен қарым-қатынасты нығайту, аймақ­аралық әріптестікті кеңейту, туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және тәжіри­бе алмасу мақсатында жуырда түркі­стандық делегация Өзбек­стан­ның бірқатар қаласында болып қайты. Түркістанда жыл сайын 3 млн-нан аса жолаушыға қызмет көр­сететін халықаралық әуежай жұмыс істейді. Әуе қатынасын дамы­ту мақсатында біз жеңілдігі бар арнайы бағдарлама әзірледік. Орталық Азияның ежелгі рухани орталықтары арасындағы тұрақты әуе рейстері трансшекаралық туризмді дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасын­дағы ынтымақтастықты кеңейту­ге қосымша серпін береді. Соны­мен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, мақта-тоқыма кластерін дамыту бағытында инвесторлармен бірқатар келісімге қол жеткізілді.

Нұралхан КӨШЕРОВ,

Түркістан облысының әкімі 

Бөлісу:
Сауданы дамытуға оң серпін береді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар