«Қағаз boom» экологиялық акциясында 2 тонна қағаз жиналды
<p style="text-align: left;"><strong>«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Жетісу ауданының комьюнити орталығында «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту, қалдықтарды бөлек жинау дағдысын қалыптастыру және тұрғындардың экосанасын арттыруды мақсат еткен іс-шараға аудан тұрғындары, жастар мен студенттер белсенді қатысып, қажетсіз газеттерді, журналдарды, картон мен кеңсе қағаздарын тапсырды.
Акция барысында шамамен 2 тонна макулатура жиналып, арнайы қабылдау пунктіне жөнелтілді.
«Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі «Қағаз boom» акциясына тұрғындардың белсенді қатысуы – қоғамда экологиялық мәдениеттің өсіп келе жатқанын, азаматтардың экология мәселесіне жауапкершілікпен қарай бастағанын көрсетеді. Біз экологиялық бастамаларды одан әрі дамытып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға тартуды жалғастырамыз», дейді Жетісу ауданы комьюнити-орталығының жетекшісі Есен Әбдіхалық.
АЛМАТЫ
