Silk Way Star еуропалық сарапшыларды жоғары кәсібилігімен таңғалдырды
<p style="text-align: justify;"><strong>Silk Way Star байқауы аймақтан тыс жерлерде де көрермен назарына ілікті. Еуропалық сарапшылар жобаның дайындық сапасы мен мәдени маңызын жоғары бағалап жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бельгиялық дизайнер Елена Ван Харитонова шоудың форматы ауқымы мен көрсетілімі бойынша еуропалық сахналарды еске түсіретінін атап өтті.
– Мен 12 елден келген қатысушылардың өнері мен образын, жүргізушілердің образын қазылар алқасының образын түгел қарап шықтым. Қызықты сәттер өте көп. Жас қатысушылардың этнодинамиканы, заманауи хип-хоп пен классикалық мотивтерді өз образдарында, сахналық костюмдерінде қалай үйлестіре алғанын байқадым, – деді ол.
Оның айтуынша, шоудың кейбір элементтері «Евровидение» атмосферасын еске түсіреді.
– Мен сондай-ақ Орталық Азия мен бүкіл Жібек жолында әйгілі болған алтын кесте үлгісін көріп тұрмын. Мәселен, жүргізушілер сондай костюм үлгісін таңдаған. Түстер мен жарықтандыру да өте әсерлі, – деген баға берді дизайнер.
Сарапшы қатысушылардың таланты мен күш-жігерін жоғары бағалап, оларды «өз елдерінің жарқын және шынайы өкілдері» екенін айтты.
