Заң
1 мин оқу 60

Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды

<p data-start="61" data-end="290"><strong>Алматыда республикалық &laquo;Қауіпсіз жол&raquo; жедел профилактикалық шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін тұрақты сақтап, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдап жүрген он жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.</strong></p>

Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды

Іс-шара барысында оларға тәртіптілігі мен жауапкершілігі үшін сертификаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

«Бүгін біз күнделікті тәртібімен өзге жол қозғалысына қатысушыларға үлгі болып жүрген азаматтарды атап өтудеміз. Ережені сақтау – жай формалдылық емес. Ол, әсіресе ірі мегаполисте, көлік ағыны жыл сайын көбейіп келе жатқан жағдайда, тұрғындар қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Марапаттау шарасы қаладағы бір көлік компаниясының қолдауымен өтті.

Бөлісу: