Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 41
Ертегіде ғылыми шындық бар
<p>Қазақ баласын ең әуелі ғарышқа самғатқан – Тазша бала. Әйгілі қырық өтірігінің бірінде ол жеті жылқысын жоғалтып алады.</p>

Айналасына қараса, ештеңе көрінбейді. Бойы жетпеген соң, құрықтың үстіне шығып қарайды. Онда да нәтиже болмайды. Кенет қалтасында тебен иненің бары есіне түсіп, оны құрыққа қадап, үстіне шығады. Айналаның бәрі ап-анық жарқырап сала береді. Ғалым Ақжан Машанидің пікірінше, Тазша баланың «өтірігінде» ғарыштық ғылыми шындық тұр. Жоғалған жылқы деген – жеті қарақшы жұлдыздар шоғыры. Ал оларды айдан анық, күннен жарық көрсеткен тебен ине – кәдімгі компас. Фольклорлық шығармалардағы мұндай рәміздік ұғымдарды «семиотика» деген арнайы ғылым зерттейді.
Бөлісу: