Оқиға
1 мин оқу 90

Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды

<p style="text-align: justify;"><strong>Алматыда сағат 07:00 шамасында әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің маңында үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланып, жүргізушілер қозғалыстың толық тоқтап қалғанын айтып шағымданған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды

Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, батыс бағытта келе жатқан Toyota жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, шығысқа қарай қозғалған Lexus автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққыдан кейін тоқтап тұрған Lexus-қа әл-Фараби даңғылы бойымен шығысқа қарай келе жатқан Hyundai көлігі соғылған. Қатты соққы салдарынан Toyota көлігі өртеніп, жүргізуші мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі жарақат алды.

Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына дәл сол уақытта жетіп, Toyota Sienna маркалы көліктегі өртті 07:11-де толық сөндірген.

Бұған дейін Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты.

Бөлісу:
Алматыда көлік өртеніп, ұзын-сонар кептеліс пайда болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар