Оқиға • 25 Қараша, 2025

Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. Салдарынан бес адам жарақат алып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 23 жастағы Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан. Екі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды.

«Одан бөлек бес жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», делінген хабарламада.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35