Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 60

Қостанайда соңғы аптада 17 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

<p><strong>Қостанай облысында маусымдық вирустық аурулардың таралуы алаңдатарлық көрсеткішке жетті. Соңғы бір апта ішінде 17 288 адамның ЖРВИ жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қостанайда соңғы аптада 17 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Мамандардың айтуынша, сырқаттанғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Оларға қатысты 11 267 жағдай тіркеліп, жалпы көрсеткіштің 65,3 пайызын көрсетіп отыр. Бір жасқа толмаған сәбилер арасында – 127 балаға диагноз қойылған. Сондай-ақ, жүкті әйелдер арасында 83 дерек тіркелген.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері облыста 57 025 адам ЖРВИ жұқтырған. Оның 34 948-і – балалар. Былтырғы маусыммен салыстырғанда көрсеткіш 1,6 есеге артқан. Өткен жылы осы кезеңде 35 752 жағдай тіркелген.

Соңғы аптада 176 адам ауруханаға жатқызылған, оның 38-і – өкпе қабынуымен ауырғандар. Биылғы маусымда 43 адамнан тұмау расталды.

Қауіптің күшеюіне байланысты Қостанай қаласындағы барлық мектеп оқушылары мен кейбір колледж студенттері қашықтан білім алып жатыр.

Бөлісу:
Қостанайда соңғы аптада 17 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған · Egemen Qazaqstan