Ауа райы
1 мин оқу 60

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

<p><strong>&laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар жауады, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.

Тек батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтары антициклон жотасының ықпалында болады, мұнда жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы болжанған.

Температуралық фон да өзгереді: солтүстікте сәл жылынып, түнде 0…–8 градус, күндіз 0…+5 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста күндіз біртіндеп +3…+11 градусқа дейін салқындайды, таулы аймақтарда 0…–5 градус шамасында болады. Елдің басқа өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

Бөлісу: