Қоғам
1 мин оқу 60

Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

<p>Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Заң жобасы &laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

«Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Құжаттың 10 бап 1-тармағында балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіруі мүмкін ақпараттан қорғау мәселесі қамтылған. Онда 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу көзделген. Тек жедел хабар алмасу сервистеріне тіркелуге қатысты ерекшелік қарастырылған.

Түсіндірме жазбада заң жобасын әзірлеудің мақсаты – онлайн-платформалардағы заңға қайшы контент көлемін азайту, сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медианың дамуына байланысты заңнаманы өзектендіру үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастыру.

Заң жобасы бойынша қоғамдық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Бөлісу: