Аймақтар
1 мин оқу 40
Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды
<p style="text-align: left;">Сарыкөл ауданындағы Сорочин ауылының тұрғыны мал іздеп шығып, қалың тұманда адасып кеткен. Артынан іздеп шыққан туыстары таба алмаған соң, полицияға хабар берген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Іздеуге құтқарушылар, полиция және ауыл әкімдігі қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағаттан кейін жоғалған әйел Краснознаменка мен Қараоба ауылдарының аралығындағы ашық алқаптан табылды. Азаматшаның денсаулығы жақсы, аман-есен үйіне жеткізілді», деп мәлімдеді облыстық ТЖД.
Төтенше жағдай департаменті тұрғындарға ауа райының құбылмалы кезінде елді мекеннен алысқа ұзап шықпауды ескертеді.
Қостанай облысы
Бөлісу:

