Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен ірі жол апаты болды
<p style="text-align: left;"><strong>7 желтоқсан күні шамамен түнгі 23:10-да Алматы қаласының Әуезов ауданында Škoda көлігі Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік тоқтап тұрған жолаушылар автобусына, содан кейін инерция салдарынан Volvo көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Қалалық полиция департаменттің мәліметінше, апат салдарынан Chevrolet көлігінің 2009 жылғы жолаушысы зардап шеккен.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 3 желтоқсанда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 жастағы фельдшер қайтыс болды.