Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025

Алматыда фельдшер жол апатынан қаза тапты

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 3 желтоқсанда шамамен сағат 00:40-та жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 23 жастағы фельдшер қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда фельдшер жол апатынан қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алатау ауданы аумағында, Саин көшесінде болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, бұрылыс жасау кезінде Kia автокөлігімен қақтығысқан.

Апаттан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен. Ал жедел жәрдем көлігіндегі 2002 жылы туған жас фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24B мекенжайындағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетінен кірпіш жабыны құлап, бес адам жарақат алды. 18 қарашада жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. 

Мемлекет басшысы қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар