Қоғам
1 мин оқу 20

Курорттық жерден көлемді вейп тәркіленді

<p style="text-align: left;"><strong>Ақмола облысына қарасты Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері электронды сигареттердің заңсыз айналымын анықтаған. Жедел шаралар нәтижесінде жергілікті тұрғыннан вейптердің ірі партиясы тәркіленді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Курорттық жерден көлемді вейп тәркіленді

Полиция мәліметінше, 6 желтоқсанда Щучинскіде 27 жастағы ақмолалық  «тыйым салынған сәлемдеме» алған. Мәскеуден жіберілген қорап ішінде интернет-сайт арқылы тапсырыс берілген 110 электронды сигарет болған.

Полицейлер күдіктіні ұстады, вейпті тәркіледі. Сөйтіп, жүк тұтынушыларға жетпеді. Қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер үшін 2 мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Бөлісу:
Курорттық жерден көлемді вейп тәркіленді · Egemen Qazaqstan