Тауарсыз дүкен
<p style="text-align: left;">Қарапайым студент Росс Ульбрихт – даркнет тарихындағы ең танымал адамдардың бірі. Себебі ол тауарсыз интернет дүкенін ашқан.</p>

Алғашында ол интернет дүкенін ашып, кәсіп бастауды ойға алады. Алайда қолында тауары болмағандықтан, тек сайтты ашып жоқ заттарды сатылымға қояды. Сатып алушылар мен биткоинмен есеп айырысады. «Silk Road» сайты күннен-күнге танымал болып, тұтынушылар көбейеді. Бірақ ешкім тауарын ала алмайды. Көп ұзамай АҚШ федералдары «Silk Road»-қа бақылау орнатып, ұзақ тексерістен кейін 2013 жылы Ульбрихтті ноутбук алдында сайттың саудасын қыздырып отырған жерінен қолға түсіреді. Сот оған екі бірдей – өмір бойына бас бостандығынан айыру және қосымша 40 жыл жаза кесті. Алайда 2025 жылы Дональд Трамп оған рақымшылық жасады.