Президент
1 мин оқу 10

Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді

<p data-start="141" data-end="287">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды Ақорда резиденциясында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді

Мәртебелі мейманның құрметіне салтанатты рәсім залында Құрмет қарауылы сап түзеді.

з

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимндерін орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан кілем жолымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына бет алып өтті, одан кейін екі ел басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.

з

Бұған дейін хабарланғандай, Иран Президентінің ресми сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізу жоспарланған. Онда сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланбақ.

Бөлісу:
Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді · Egemen Qazaqstan