Ғалам ғажаптары
1 мин оқу 20
Мұғалімдер 4 күн жұмыс істейді
<p style="text-align: left;">Шотландия мұғалімдерге төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізбек. Бұл – жай эксперимент емес, ұстаздардың жүктемесін азайтып, мамандықтың беделін арттыруға бағытталған қадам.</p>

Үкіметтің жоспары бойынша, қанатқақты жоба аясында сабақ тек төрт күн болмақ. Ал дайындық, жоспарлау, оқушылардың жұмыстарын бағалау сияқты толып жатқан көзге көрінбейтін еңбек мектептен тыс жерде атқарылады. Негізгі мақсат – мұғалімге еркіндік берсе, оқу сапасы да жоғарылайтынын дәлелдеу. Жоба ұстаздардың күйзеліс деңгейіне, мамандардың мектепте тұрақтап қалуына, білім сапасына қалай әсер ететінін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Бөлісу: