Шымкент
1 мин оқу 90

Шымкенттік ардагерлер құрылыс нысандарын аралады

<p style="text-align: left;"><strong>Олар Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қала аумағындағы инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты.&nbsp; Ардагерлерді осы ұйымның төрағасы Кенжехан Төлебаев бастап барды,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Шымкенттік ардагерлер құрылыс нысандарын аралады

Делегация Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезең құрылысында болды. Бұл кезеңдегі жол құрылысының ұзындығы 1.7 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда  Түркістан көшесінен Терешкова көшесіне дейінгі аумақтағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысына ашылған.

Қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов шаһардың күре жолдарының бірі Қонаев даңғылы –стратегиялық маңызды нысан екенін айтты. Даңғылдың кезең-кезеңге бөлінген жол құрылысы мегаполистегі көлік кептелісін азайтқанын мәлімдеді. Сондай-ақ қалада саялы орындар мен саябақтар көбейіп келе жатқанын тілге тиек етті ардагер.

Ардагерлер әл-Фараби ауданы аумағындағы Қошқар ата өзені жағалауының абаттандыру жұмысымен де танысты. Бұлақ көзінен бастау алған өзеннің жағалауы бұл күнде Жангелдин көшесіне дейін абаттандырылған. Биыл қосымша Жангелдин көшесінен әрі қарай тағы 3.5 шақырымға жағалауы көркейтілді. Тұрғындар шомылатын орындар да қарастырылды. Құрылыста өзеннің флора, фаунасын сақтауға барынша көңіл бөлінді. Бұл жұмыстарға қазынадан 1.4 млрд теңге қаржы қаралыпты.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Шымкенттік ардагерлер құрылыс нысандарын аралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар