Туризм
4 мин оқу 40

Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады?

<p style="text-align: left;">Туризм және спорт министрлігі отандық және шетелдік қонақтарға арналған қысқы демалысқа баруға болатын Алматы облысының үздік 8 бағытын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады?

Aqtas тау шаңғы курорты

Ерекшеліктері: Курорттың ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 2140 метр. Іле Алатауының шыңдары мен Алматы қаласының көркем панорамасын тамашалауға болады.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талғар ауданы, Ой-Қарағай шатқалы.

Көруге болатын нысандар: Ұзындығы 50 метрлік аспалы көпір, қара базальт жоталары көрінетін трассалар шатқалға ұқсас соқпақтар, панорамалық шолу алаңдары.

1

Фото: Kursiv Life Style

Nomad arena – ипподром

Ерекшеліктері: Алматы маңында орналасқан, аумағы 121,56 гектарды алып жатқан ат спортына арналған туристік кешен. Ұлттық дәстүр, заманауи спорт және табиғи ландшафт үйлескен бірегей орын.

Қысқы белсенділіктер: Ат спорты жарыстары (көкпар), этнофестивальдер, жәрмеңкелер, гастрономиялық іс-шаралар. Этнопарк, қонақ үй, аквапарк, серуен аймақтары, концерттер, турнирлер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилово ауылы.

Көруге болатын нысандар: Негізгі арена, атқоралар, панорамалық көріністер.

ч

Фото: Nomad arena

Oi-Qaragai тау-шаңғы курорты

Ерекшеліктері: Курорт аумағы – 200 гектар, теңіз деңгейінен 2140 метр биіктікте орналасқан. Мұнда әуесқой және тәжірибелі спортшыларға арналған ұзындығы 28 шақырым болатын таң шаңғысы трассалары бар. (Орталық Азиядағы ең ұзын трасса).

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талғар ауданы, Ой-Қарағай шатқалы.

Көруге болатын нысандар: Аспалы көпір, А-Frame үлгісіндегі үйлер, шолу алаңдары, қысқы орман.

 1

Фото: tripadvisor.ru

ASP Club Отбасылық-сауық кешені

Ерекшеліктері: Кешенде автоспорт және музыкалық іс-шараларға арналған көпсалалы стадионы, сондай-ақ қонақтар коньки теуіп, көңіл көтере алатын өңірдегі ең үлкен мұз айдыны бар.

Қысқы белсенділіктер: WADS/CAD қысқы дрифт-шоулары, мұзды трек, мұз айдыны, мұз үстіндегі іс-шаралар: шоу, дрифт-такси, фуд-зоналар, көрермендерге арналған трибуналар.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Оңтүстік-батыс жағалау көшесі, 167а.

Көруге болатын нысандар: Арена мен трибуналар, мұз жолы, картинг аймағы, мейрамханалар, глэмпинг, су қоймасына ашылатын көріністер.

6

Фото: ASP Club

«Талғар форелі» демалыс аймағы

Ерекшеліктері: Балық аулауды, тынығуды және гастрономияны ұнататындарға арналған орын. Мұнда форельді аулап, сол жерде дайындауға болады. Аумағында тоғандар, мейрамхана және коттедждер орналасқан.

Қысқы белсенділіктер: Қыста балық аулау, дастарқанға қойылған ыстық форель, база аумағында қар жамылған көріністерде серуендеу. Жылы мейрамхана мен бастырмалар арықылы ыңғайлы демалыс.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Талғар қаласы.

Көруге болатын нысандар: Тоғандар, мейрамхана, таулы аумақтың табиғаты.

1

Фото: restolife.kz

Ыстық бұлақ

Ерекшеліктері: Шонжы маңында көптеген ыстық бұлақтар бар, соның ішінде танымал курорттар: Four Seasons, All seasons, Sakura. Судың температурасы +20 градустан +50 градусқа дейін. Табиғи минералды су денсаулыққа пайдалы.

Қысқы белсенділіктер: Термалды бассейндер, қысқы шомылу, бу шығатын купельдер.

Орналасқан жері: Шонжы, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы.

Көруге болатын нысандар: Термалды демалыс базалары, күннің бату көріністері, жол бойындағы тау ландшафттары.

6

Фото: taukomek.kz

«Зерно» - первомай тоғандары

Ерекшеліктері: Су жағасында орналасқан сәнді мейрамхана, табиғи көріністер, фотогеникалық сәулет.

Қысқы белсенділіктер: Тоған маңында серуендеу, кешкі ас қысқы фотосессиялар.

Орналасқан жері: Первомай тоғандары, Алматы облысы.

Көруге болатын нысандар: Мейрамхананың панорамалық залы, табиғи көріністер, дәліздер мен террасалар.

в

Фото: yandex.kz

Nomad этноорталығы

Ерекшеліктері: Қазақ мәдениеті, киіз үйлер, дәстүрлі шеберлік сабақтары, ұлттық фотозоналар.

Қысқы белсенділіктер: Шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдардан дәм тату, киіз үйлердегі фотосессиялар, қысқы этно-көріністер.

Орналасқан жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы.

Көруге болатын нысандар: Жыртқыш құстар шоуы, көне сауыттар, дәстүрлі іс-шаралар.

3

Фото: Visit Almaty

Бөлісу:
Қысқы демалыс: Алматы облысында қыста қайда баруға болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар