Аймақтар
1 мин оқу 10

«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды

<p style="text-align: left;">Мемлекет басшысының осы жылғы наурыздағы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Көкшетауда &laquo;Kokshe Arena&raquo; заманауи көпсалалы спорт кешенінің ашылуы өтті. Нысан Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен тұрғызылды. Бұл мақсатқа Үкімет 12,6 млрд теңге бөлді.</p>

«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды

Ғимараттың сыйымдылығы шамамен 1 мың адамды құрайды. Кешенде заманауи мультимедиялық жүйелері бар 650 орындық көрермен залы, өрмелеу алаңы мен өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған мұнарасы бар әмбебап спорт залы қарастырылған.

Бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфит залдары сертификатталған олимпиадалық стандарттағы құрал­дармен жабдықталған. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін де барлық жағдай жасалған.

Іргелес аумақта жеңіл атлетика аймағы, ойын спорт түрлері мен лақты­ру пәндеріне арналған алаңдар, сондай-ақ демалыс аймақтары жабдықталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Бас прокурор Берік Асылов, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қаржы министрі Мәди Такиев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахмет­жанов қатысты. Іс-шараның құрметті қонақтары «World Boxing» халықаралық федерациясының прези­денті Геннадий Головкин, UFC аясында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов болды.

Айта кету керек, «Kokshe Arena» – қай­тарылған активтер қаражаты есебінен салынған аймақтағы екінші спорт­тық инфрақұрылым нысаны. Бұған дейін облыста Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылған.

Ақмола облысында Арнаулы мем­ле­кеттік қордың қаражатына барлығы 42 әлеуметтік нысан, оның ішінде 14 денсаулық сақтау мекемесі, 26 сумен жабдықтау нысаны және 2 спорт мекемесінің құрылысы жоспарланған. 

Бөлісу:
«Kokshe Arena» көпсалалы спорт кешені салынды · Egemen Qazaqstan